
Бүгін Тимирязев ауданында Тимирязев ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің жаңа бастығын таныстыру рәсімі өтті.
Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының бұйрығымен Тимирязев ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы лауазымына Смаилов Сейлбек Қайыржанұлы тағайындалды.
Кездесу барысында оған аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және аудан аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша негізгі міндеттер белгіленді. Сейлбек Қайыржанұлына жұмысына табыс, кәсіби жетістіктер және Тимирязев ауданының тұрғындары игілігі жолындағы қызметіне сәттілік тілейміз.