
2026 жылғы 17 қыркүйекте Тимирязев ауданында Спорт күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шара барысында ауданның дене шынықтыру және спорт саласын дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және спорттық дәстүрлерді қалыптастыруға елеулі үлес қосқан азаматтарды марапаттау рәсімі өтті.
Тимирязев ауданының спорттық өмірін дамытуға қосқан жоғары үлесі үшін аудан әкімінің медалімен:
* Суров Николай Васильевич;
* Брюханова Валентина Александровна;
* Байғужин Серік Сейілханұлы;
* Майсатаев Еркеблан Таснтанбекұлы;
* Мырзабаев Ақтан Амандықұлы
марапатталды.
Марапаттау рәсімі — спорт саласының дамуына, спортшыларды қолдауға және аудан тұрғындары арасында белсенді әрі салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған көп жылғы еңбектің, кәсібилік пен әр азаматтың қосқан жеке үлесінің лайықты бағасы болды.
Спорт күні — бұл спорттық жетістіктерді атап өтетін мереке ғана емес, сонымен қатар өз еңбегі мен спортқа деген адалдығы арқылы ауданымыздағы спорт қозғалысының дамуына үлес қосып жүрген азаматтарға алғыс білдіретін ерекше күн.