Тимирязев ауданының әкімі Е.Қ. Жаров Комсомол және Докучаев ауылдық округтерінің тұрғындарымен кезекті кездесу өткізді.
Кездесу барысында ауылдық округ тұрғындарын толғандыратын өзекті мәселелер, сондай-ақ ауылдарды одан әрі дамыту бағыттары талқыланды.
Тұрғындар аудан әкіміне өздерін толғандыратын мәселелер мен ұсыныстарын тікелей жеткізуге мүмкіндік алды. Әрбір өтініш бойынша тиісті түсіндірмелер беріліп, бірқатар мәселелер бақылауға алынды.