
Докучаево ауылында аудан әкімі Ерлан Жаровтың төрағалығымен мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшыларының, сондай-ақ ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен көшпелі жұмыс кеңесі өтті.
Кеңес барысында елді мекендерді абаттандыру, аумақтарды санитарлық тазарту және «Таза Қазақстан» бағдарламасын іске асыру мәселелері қаралды. Абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін ескерту мен әкімшілік айыппұл түріндегі жауапкершілік көзделгені атап өтілді.
Кеңес қорытындысы бойынша жауапты тұлғалардың баяндамалары тыңдалып, ауданның елді мекендеріндегі санитарлық жағдайды одан әрі жақсарту бойынша нақты тапсырмалар берілді.