2026 ж. 20 шілде аппараттық кеңес

2026 ж. 20 шілде аппараттық кеңес

Бүгін, 2026 жылғы 20 шілдеде, Тимирязев ауданының әкімі Е.Қ. Жаровтың төрағалығымен ауданның мемлекеттік мекемелері басшыларының қатысуымен аппараттық кеңес өткізілді.

Кеңес барысында экономика және қаржы бөлімінің басшысы 2026 жылдың II тоқсанындағы негізгі тиімділік көрсеткіштерінің (KPI) орындалу барысы; 2026 жылдың қаңтар–маусым айларындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша баяндама жасады.

Қаралған мәселелер бойынша қол жеткізілген көрсеткіштерге талдау жасалып, алдағы кезеңге арналған басым міндеттер айқындалды. Сонымен қатар жоспарланған іс-шаралардың сапалы әрі уақтылы орындалуын және жыл соңына дейін нысаналы көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.