Тимирязев ауданының әкімі Ерлан Жаров Ақсуат ауылында көшпелі жұмыстық кеңес өткізді.
Ақсуат ауылында аудан әкімінің төрағалығымен көшпелі жұмыстық кеңес өтті. Кеңеске аудан әкімінің орынбасарлары, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ ауылдық округ әкімдері қатысты.
Кеңес барысында аудан аумағын абаттандыру, санитарлық тазалау және «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасын іске асыру мәселелері қаралды. Сонымен қатар, абаттандыру қағидаларын бұзудың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды.
Ақсуат, Москворецк және Мичурин ауылдық округтерінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы есептер тыңдалды. Кеңес қорытындысы бойынша аудан әкімі бірқатар нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалуын бақылауға алды.