Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгінде бұқаралық ақпарат құралдары қоғамдық өмірдің маңызды бөлігіне айналып, мемлекет пен қоғам арасындағы ашық диалогты нығайтуға, объективті ақпараттық күн тәртібін қалыптастыруға және Мемлекет басшысының Әділетті Қазақстан құруға бағытталған саясатын іске асыруға зор үлес қосып келеді.
Тимирязев ауданының ақпараттық кеңістігін дамытуға кәсібилігімен, жауапкершілігімен және өз ісіне адалдығымен үлес қосып жүрген журналистерге, редакторларға, сала ардагерлеріне және барша бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне шынайы ризашылығымды білдіремін.
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шығармашылық табыс, жаңа жобалар мен толайым жетістіктер, сарқылмас шабыт тілеймін. Еңбектеріңіз ел игілігіне қызмет етіп, мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне үлес қоса берсін!