Аппараттық кеңес 15.06

Аппараттық кеңес 15.06

Аудан әкімі Е.Қ. Жаров төрағалығымен аппараттық кеңес өтіп, онда ауданның әлеуметтік дамуы мен абаттандыру саласындағы өзекті мәселелер қаралды.

Күн тәртібіне сәйкес аудан халқын әлеуметтік қорғау жүйесін цифрландырудың қазіргі жағдайы, өзекті мәселелері мен оны одан әрі дамыту перспективалары туралы баяндамалар тыңдалды. Сонымен қатар ауылдық округтердегі медициналық пункттердің санитариялық жағдайы мен белгіленген талаптарға сәйкестігі мәселелері қаралды.

Сондай-ақ «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында елді мекендерді абаттандыру және санитариялық тазалау жөніндегі іс-шаралардың орындалу барысына ерекше назар аударылды.

Кеңес қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдар мен ауылдық округ әкімдеріне тиісті тапсырмалар берілді.