Аудан әкімі Ерлан Жаров жұмыс сапары барысында КТТМ-335 «Тимирязево – Докучаево» автомобиль жолына жүргізіліп жатқан орташа жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
Жұмыс сапары барысында қазіргі уақытта жолдың қиыршық тас негізін төсеу жұмыстары жүргізіліп жатқан учаске қаралды. Мердігер ұйым жөндеу жұмыстарын бекітілген кестеге сәйкес атқаруда.
Сапар қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға жөндеу жұмыстарының барысын тұрақты бақылауда ұстап, барлық жоспарланған іс-шаралардың уақытылы аяқталуын қамтамасыз ету жөнінде тапсырмалар берілді.