Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай ұйымдастырылған іс-шаралар аясында Тимирязев ауданының әкімі Ерлан Жаров Дружба ауылының тұрғыны Виктор Иосифович Василенконың шаңырағына барды.
Биыл Виктор Иосифович 84 жасқа толды. Ол ауданның ауыл шаруашылығы саласының дамуына 60 жылдан астам еңбек сіңірген ардагер. Көп жылғы адал еңбегі үшін бірқатар мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталған.
Кездесу барысында ардагер өзінің өмір жолы, еңбек қызметі мен әскери борышын өтеу кезеңдері туралы естеліктерімен бөлісті. Сондай-ақ бірнеше ұрпақтың тарихын айшықтайтын фотосуреттері, құжаттары мен марапаттарын көрсетті.
Аудан әкімі Виктор Иосифовичке ауданның дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, зор денсаулық, амандық және ұзақ ғұмыр тіледі. Еңбек адамдарына құрмет көрсету, туған өлкенің тарихын сақтау және мемлекеттік рәміздерге деген құрметті дәріптеу – өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі маңызды құндылықтардың бірі.