Аудан әкімінің Ақсуат ауылына жұмыс сапары

Аудан әкімінің Ақсуат ауылына жұмыс сапары
Тимирязев ауданының әкімі Ерлан Жаров Ақсуат ауылдық округіне жұмыс сапарымен барып, спорт алаңының құрылыс барысымен танысты.
 
Жұмыс сапары барысында құрылыс жұмыстарының қарқыны мен іргелес аумақты абаттандыру мәселелері талқыланды. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде.
Аталған жобаны іске асыру ауылдық округ тұрғындарының спортпен шұғылдануына және белсенді демалысын ұйымдастыруына қосымша мүмкіндік береді.
 
Толығырақ: https://www.facebook.com/share/r/1AU2QUcCFt/