Бүгін ауданымызға жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Лаура Советқызы Қайыржанова келді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасына түсу қағидалары, сондай-ақ 2026–2027 оқу жылына арналған қабылдау науқанының ерекшеліктері түсіндірілді.
Мемлекеттік қызметшілер білім беру бағдарламалары, оқуға қабылдау шарттары және мемлекеттік қызмет жүйесіндегі кәсіби даму мүмкіндіктері туралы толық ақпарат алды.