Аппараттық кеңес 26 мамыр

Аппараттық кеңес 26 мамыр
Аудан әкімінің төрағалығымен аппараттық кеңес өтіп, онда ауданның даму мәселелері мен қойылған міндеттердің орындалу барысы қаралды.
Күн тәртібі аясында IT-орталықтың қызметі, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар, 2026 жылдың қаңтар–сәуір айларындағы аудан бюджетінің орындалуы және бюджеттік қаражатты игеру тәуекелдері туралы баяндамалар тыңдалды. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту мәселесі талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша жауапты органдар мен ауылдық округ әкімдеріне тиісті тапсырмалар берілді.