
Аудан әкімі Мемлекеттік органдар басшылары мен ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен аппараттық кеңес өткізді.
Отырыс барысында автомобиль жолдарының ағымдағы жағдайы мен жөндеу, сондай-ақ жол инфрақұрылымы объектілерінде кепілдік жұмыстарын жүргізу мәселелері қаралды. Тыңайтқыштар енгізу және ауыл шаруашылығы дақылдарын сортты жаңарту мәселелері, сондай-ақ аудандағы ағымдағы фитосанитарлық жағдай және қабылданып жатқан шаралар талқыланды.
Бұдан басқа, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында елді мекендерді абаттандыру және санитарлық тазарту жөніндегі іс-шаралардың барысы туралы ақпарат тыңдалды.
Кеңес қорытындысы бойынша Ерлан Қайырұлы жауапты тұлғаларға бақылауды күшейтуге және қойылған міндеттерді уақтылы орындауға бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар берді.