Аппараттық кеңес 20.04

Аппараттық кеңес 20.04

Аудан әкімі Мемлекеттік органдардың басшыларымен және ауылдық округ әкімдерімен аппараттық кеңес өткізді.

Кеңес барысында бірқатар өзекті мәселелер қаралды. Атап айтқанда, "Таза Қазақстан" экологиялық акциясын іске асыру және ауданның білім беру нысандарын абаттандыру жұмыстары талқыланды. Отбасын қолдау орталығының қызметіне және өмірлік қиын жағдайдағы отбасыларға көмек көрсету мәселелеріне ерекше назар аударды.
Сондай-ақ аудандағы жемшөп өндірісінің жай-күйін қарастырып, оны одан әрі дамыту бойынша шаралар белгіленді. Жастар ресурстық орталығының жұмысы және "Жасыл ел"бағдарламасының іске асырылуы туралы ақпаратты тыңдадым.

2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық, сондай-ақ өрт қауіпті кезеңнен өту және аудан аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар жеке талқыланды.

Кеңес соңында бақылауды күшейту, қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін арттыру және Халықпен жұмыс сапасын жақсарту жөнінде нақты тапсырмалар берді.