
Аудан әкімі Ерлан Жаров мемлекеттік органдардың басшыларымен және ауылдық округ әкімдерімен кеңестер өткізді.
Аудан әкімдігі отырысында «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясындағы іс-шараларды іске асыру және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Аппараттық кеңес аясында кәсіпкерлікті дамыту және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы мәселелері де қаралды. Осы бағыттағы жұмысты жандандыру, шағын және орта бизнесті қолдау, сондай-ақ мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Әр бағыт бойынша жүйелі жұмыстың маңыздылығы атап өтілді. Қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін арттыру, бақылауды күшейту және халықпен жұмыс сапасын жақсарту бойынша нақты тапсырмалар берілді.