Тимирязево ауылында Наурыз мейрамын тойлау

Тимирязево ауылында Наурыз мейрамын тойлау
Тимирязев ауданында көктемнің, жаңарудың және бірліктің ең сүйікті әрі маңызды мерекелерінің бірі – Наурыз мейрамы кең көлемде және ерекше сән-салтанатпен аталып өтті. Іс-шараға аудан әкімі Ерлан Жаров қатысып, тұрғындарды мерекемен құттықтап, әрбір отбасына амандық, бейбітшілік пен береке тіледі.
 
Мерекелік бағдарлама мазмұнды әрі алуан түрлі болды. Қонақтар ұлттық дәстүр мен шеберлікті паш еткен әсерлі аспаздық шоу мен дорба-шоуды тамашалады. Негізгі сахнада Наурыздың рухы мен ерекше атмосферасын жеткізген көркем театрландырылған қойылым ұсынылып, сондай-ақ шығармашылық ұжымдардың қатысуымен көңілді концерттік бағдарлама өтті.
 
Ерекше қызығушылық тудырған спорттық жарыстарға жастармен қатар ересектер де белсене қатысты. Мереке ұлттық ойындармен, түрлі көңілді сайыстармен және жылы, достық атмосферамен өрбіді.
Тимирязев ауданындағы Наурыз мейрамы бірлік пен қуаныштың, жаңғырудың жарқын символына айналып, тұрғындарды ортақ мерекеде біріктірді.