Аудан әкімі Е. Қ. Жаровтың Наурыз мерекесімен құттықтауы

Аудан әкімі Е. Қ. Жаровтың Наурыз мерекесімен құттықтауы
Құрметті жерлестер!
 
Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – табиғаттың жаңарып, тіршіліктің түлейтін, адамдардың жүрегіне үміт пен қуаныш ұялататын ерекше мереке. Наурыз – бірлік пен татулықтың, сыйластық пен ізгіліктің нышаны.
 
Бір шаңырақ астында өмір сүріп, біз бұл мерекені бірге қарсы алып, ортақ құндылықтарымызды дәріптейміз. Осы күндері халқымыздың салт-дәстүрлері жаңғырып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіледі. Бұл – өткен мен бүгінді жалғап, болашаққа нық қадам басуға үндейтін мереке.
 
Әрбір отбасыға амандық, бақ-береке тілеймін! Елімізде тыныштық, ауданымызда тұрақтылық пен өркендеу болсын. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Наурыз мейрамы құтты болсын!