18 наурыз – Ұлттық киім күні

18 наурыз – Ұлттық киім күні
🌷18 наурыз – Ұлттық киім күні.
 
Бұл – халқымыздың мәдениетін дәріптеп, ұлттық киімнің мәні мен маңызын түсінуге арналған айшықты күн.
 
⚜️Қазақтың ұлттық киімдері — ата-бабамыздан қалған асыл мұра. Әрбір ою-өрнек пен әшекейдің өзіндік тарихы, терең мағынасы бар. Шапан мен камзол, сәукеле мен тақия, белбеу мен етік – бәрі де халқымыздың тұрмыс-тіршілігін, талғамы мен дүниетанымын айқын көрсетеді.
 
Бұл – ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, өз болмысымызды айшықтауға үндейтін ерекше күн.