Тимирязев ауданында 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Мереке аясында ауданның шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерт өтіп, қонақтарға жарқын қойылымдар мен мерекелік көңіл-күй сыйлады. Іс-шараның ерекше бөлігі марапаттау рәсімі болды. Адал еңбегі мен ауданның дамуына қосқан үлесі үшін тұрғындарға облыс әкімінің Құрмет грамоталары мен алғыс хаттары, сондай-ақ Тимирязев ауданы әкімінің Құрмет грамоталары табыс етілді.
Барлық әйелдерді осы тамаша көктем мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Отбасыларда зор денсаулық, бақыт, амандық, жылулық пен үйлесімділік, сондай-ақ барлық бастамаларда табыс тілейміз. Әр күн қуанышқа, жақындарының қамқорлығына және жаңа жетістіктерге толы болсын.