
Ағымдағы жылдың 4 ақпанында Тимирязев ауданының әкімі Е.Қ. Жаровтың төрағалығымен конституциялық реформаны іске асыру мәселелеріне арналған аудандық актив отырысы өтті.
Кездесу барысында жүргізіліп жатқан өзгерістердің негізгі бағыттары мен мақсаттары, олардың елді одан әрі дамыту, әділдік, заңдылық қағидаттарын нығайту және азаматтық қоғамның рөлін арттыру үшін маңызы егжей-тегжейлі қарастырылды. Аудандық деңгейде конституциялық өзгерістерді енгізудің практикалық аспектілеріне ерекше назар аударылды.
Аудандық активке қатысушылар мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен қоғамдық институттардың халыққа реформалардың мәнін түсіндіру жөніндегі міндеттерін талқылады, сондай-ақ пікірлер мен ұсыныстармен алмасты.