Әкімдігінің отырысы

Әкімдігінің отырысы

Аудан әкімінің орынбасары Р.Е. Рамазановтың төрағалығымен Тимирязев аудандық әкімдігінің отырысы өтті.

Отырыс барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты негізгі мәселелер қаралды. Атап айтқанда, жылыту маусымының өту барысы, Тимирязев ауданының 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, сондай-ақ «Ауыл Аманаты» бағдарламасының іске асырылу барысы туралы жауапты басшылардың баяндамалары тыңдалды.

Жеткен көрсеткіштерді талдауға, өзекті мәселелерге және оларды шешу бойынша қабылданып жатқан шараларға ерекше назар аударылды. Талқылау қорытындысы бойынша аудан экономикасын одан әрі дамытуға, кәсіпкерлікті қолдауға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған 2026 жылға арналған басым міндеттер айқындалды.

Қаралған барлық мәселелер бойынша қаулылар қабылданып, жауапты мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді.