
2026 жылғы 30 қаңтарда Тимирязев ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезектен тыс отырысы өтті. Отырысқа Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің және Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің өкілдері қатысты.
Төтенше жағдайлар бөлімі, Полиция бөлімі, Білім бөлімі, Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссия төрағасының ақпараттары тыңдалды, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
2. Тимирязев ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті.
Кәсіпкерлік бөлімі, Дмитриев және Тимирязев ауылдық округтерінің әкімдерінің ақпараттары тыңдалды.
Отырыстардың қорытындысы бойынша орындау үшін тиісті ұсынымдар берілді.