Тимирязево ауылында IT-орталығың ашылуы өтті

Тимирязево ауылында IT-орталығың ашылуы өтті
Тимирязево ауылында IT-орталығының ашылуы өтті. Бұл – Солтүстік Қазақстан облысында цифрландыруды дамыту жолындағы маңызды қадам.
 
Жоба өңірдің цифрлық стратегиясы аясында, облыстың барлық аудандарында IT-инфрақұрылымды одан әрі дамыту мақсатында жүзеге асырылуда. Сондай-ақ бұл Мемлекет басшысының 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялау жөніндегі бастамасымен тығыз байланысты, бұл заманауи технологиялар мен цифрлық дағдыларды дамытуға басымдық берілетінін көрсетеді.
 
Іс-шараға Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Р.Қ. Әлішев қатысты. Жаңа IT-орталық білім беру, стартап жобаларды іске асыру, сондай-ақ IT-қоғамдастықты және белсенді жастарды біріктіруге арналған алаң болады.