Тимирязево ауылының тұрғындарымен кездесу

Тимирязево ауылының тұрғындарымен кездесу

Бүгін, 2025 жылғы 18 желтоқсанда Тимирязев ауданының әкімі Е.Қ. Жаров Тимирязево ауылының тұрғындарымен тұрақты кездесу өткізді.

Кездесу аясында аудан әкімі тұрғындарды ағымдағы жылдың 12 айындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы қысқаша хабардар етті. Сондай - ақ, ауылды дамытудың 2025-2026 жылдарға арналған жоспарлары айтылды.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау, білім беру, электрмен жабдықтау саласындағы өзекті мәселелер және халықты толғандыратын басқа да тақырыптар талқыланды.

Тұрғындар белсенді сұрақтар қойып, ұсыныстар енгізді. Диалог сындарлы және ашық болды, бірқатар мәселелер бақылауға алынды.