
Тимирязев ауданында ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шара аясында ауданның агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға елеулі үлес қосқан саланың үздік еңбеккерлері атап өтілді. Оларға алғыс хаттар мен лайықты марапаттар табысталды.
Аудан әкімі Е.Қ. Жаров ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге, механизаторларға, мал өсірушілерге, қайта өңдеу кәсіпорындарының мамандарына адал еңбегі, кәсібилігі және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.
Мерекелік бағдарлама концерттік нөмірлермен және ауыл шаруашылығы мен қайта өңдеу өнеркәсібінің барлық қызметкерлеріне арналған жылы құттықтаулармен жалғасты.