
Бүгін, 2025 жылғы 10 желтоқсанда Тимирязев ауданының әкімі Е.Қ. Жаров Москворецкое ауылының тұрғындарымен тұрақты кездесу өткізді.
Кездесу аясында аудан әкімі тұрғындарды ағымдағы жылдың 11 айында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы қысқаша хабардар етті. Сондай - ақ, ауылды дамытудың 2025-2026 жылдарға арналған жоспарлары айтылды.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау, білім беру саласындағы өзекті мәселелер және халықты толғандыратын басқа да тақырыптар талқыланды.
Тұрғындар белсенді сұрақтар қойып, ұсыныстар енгізді. Диалог сындарлы және ашық болды, бірқатар мәселелер бақылауға алынды.