
Бүгін аудан әкімдігінде ауылдық округ әкімдері мен мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен актив өтті. Негізгі тақырып – Президенттің ауыл әкімдерімен кездесуінде қойылған тапсырмаларды талқылау болды.
Актив барысында қаралған негізгі бағыттар:
1. жергілікті бюджеттерді нығайту және цифрландыру;
2. халықтың өмір сапасын арттыру және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту;
3. кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығын қолдау, кооперацияны дамыту және «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру;
3. ауылдарды цифрлық дамыту және жастардың IT-біліктілігін арттыру.
Жекелеген мәселелерді қарастырған баяндамашылар:
— Ирина Попова, Хмельницкий ауылдық округінің әкімі;
— Нариман Алдабергенұлы Жарасбаев, Дзержинский ауылдық округінің әкімі.
Қорытындысында аудан әкімі ауылдық округ әкімдеріне және бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берді.