Ағымдағы жылдың 21 қарашада, Солтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні атап өтілді.
Салтанатты рәсім барысында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғ.Т. Нұрмұхамбетов Тимирязев ауданының аграрлық саласының өкілдерін марапаттады: Тоқтар Уташұлы Бегенов - «Бегенов Т.У.» шаруа қожалығының басшысы «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды, «Қазақстан Бидайы» ЖШС жүргізушісі Руслан Владимирович Конкабаев Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің Алғыс хатын алды.
Тимирязев ауданы өзінің еңбеккерлерімен мақтанады. Олар күнделікті еңбегімен ауыл шаруашылығының дамуын қамтамасыз етіп, аудан экономикасын нығайтады.