2025 жылғы 24 қарашада, Тимирязев ауданы әкімі Ерлан Жаровтың төрағалығымен аудан әкімдігінің отырысы және аппараттық кеңес өтті. Күн тәртібінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер қаралды.

2025–2026 жылдардағы жылыту маусымының өтуі және су тасқыны кезеңіне дайындық шаралары туралы аудан әкімінің орынбасары Қ.С. Иманжанов баяндама жасады;

Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның орындалуы, интернет кеңістігі мен әлеуметтік желілердегі жұмыстар туралы ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлім басшысының м.а. О.Н. Будкевич сөз сөйледі.

Аудандағы балалар спортын дамыту мәселелері бойынша дене шынықтыру және спорт бөлім басшысының м.а. М.Н. Щербина баяндама жасады.
• 2025 жылдың қаңтар–қазан айларындағы жергілікті бюджеттің кіріс және шығыс бөлігінің орындалуы;
• Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы;
• Білім беру ұйымдарындағы жылыту маусымының өтуі және кадрлық қамтамасыз ету мәселелері.