Тимирязев ауданының әкімі Белоградовка және Дзержинское ауылдарының тұрғындарымен кездесу өткізді

Тимирязев ауданының әкімі Белоградовка және Дзержинское ауылдарының тұрғындарымен кездесу өткізді

2025 жылғы 6 қарашада Тимирязев ауданының әкімі Е.Қ. Жаров Белоградовка және Дзержинское ауылдарының тұрғындарымен тұрақты кездесулер өткізді.

Кездесулер аясында аудан әкімі тұрғындарды ағымдағы жылдың 10 айында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы қысқаша хабардар етті. Сондай - ақ, ауылдарды дамытудың 2025-2026 жылдарға арналған жоспарларын айтты.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау, білім беру саласындағы өзекті мәселелер және халықты толғандыратын басқа да тақырыптар талқыланды.

Тұрғындар белсенді сұрақтар қойып, ұсыныстар енгізді. Диалог сындарлы және ашық болды, бірқатар мәселелер бақылауға алынды.