Бүгін, 2025 жылғы 22 шілдеде әкімдіктің үлкен залында аппараттық кеңес өтті. Аталған кеңеске ауылдық округтердің әкімдері, құқық қорғау, аумақтық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары қатысты.
Кеңес барысында: 2025 жылғы қаңтар — маусымда жергілікті бюджеттің кіріс және шығыс бөлігінің орындалу барысы туралы, 2025 жылғы 1 жартыжылдықтағы АӨК даму қорытындылары туралы, «Ақ — бидай 2025» облыстық спорт мерекесінің қорытындылары, одан әрі спорттық іс-шараларды ұйымдастыру жоспарлары қаралды.
Аппараттық кеңестің соңында нақты орындау мерзімдерімен тиісті тапсырмалар берілді.