Бүгін, 2025 жылғы 25 маусымда әкімдіктің үлкен залында аудан әкімі Е.Қ. Жаров аппараттық кеңес өткізді. Аталған кеңеске ауылдық округтердің әкімдері, құқық қорғау, аумақтық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары қатысты.
Кеңес барысында: 2025 жылғы қаңтар-мамырдағы Әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және маусым айындағы көрсеткіштердің күтілетін орындалуы туралы; ауданның автомобиль жолдарының жай-күйі туралы; 2025 жылғы 2 жартыжылдыққа арналған аудандық баспа басылымдарына жазылу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы; елді мекендерде абаттандыру бойынша көзделген жұмыстар туралы мәселелер қаралды.
Аппараттық кеңестің соңында нақты орындау мерзімдерімен бірқатар тапсырмалар берді.