2025 жылғы 9 маусымда, әкімдіктің үлкен залында Тимирязев ауданының әкімі Е.Қ. Жаров аппараттық кеңес өткізді.
Аталған кеңеске ауылдық округтердің әкімдері, ауданның мемлекеттік мекемелерінің басшылары қатысты.
Кеңес барысында облыс әкімінің, аудан әкімінің тапсырмалары бойынша атқарушылық тәртіп туралы, заңнаманы бұза отырып берілген пайдаланылмаған жерлер мен жерлерді алып қою жөніндегі жоспардың орындалуы туралы, 2025 жылғы ауыл шаруашылығы санағын өткізу туралы, кадр саясатын дамыту туралы (сұранысқа ие мамандықтарға қажеттілікті талдау), елді мекендерді абаттандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы мәселелер қаралды. Аппараттық кеңестің соңында нақты орындау мерзімдерімен бірқатар тапсырмалар берілді.