Орталық алаңда Мемлекеттік рәміздер күніне арналған іс-шара өтті. Тимирязев ауданының әкімі Еран Жаров құттықтау сөз сөйледі.
«Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран - бұл жай ғана ресми атрибуттар емес, біздің тәуелсіздігіміздің, ұлттық бірлігіміздің және тарихи сабақтастығымыздың нышандары. Олар Қазақстан халқының бай мәдениетін, дәстүрлерін, тілі мен рухын бейнелейді. Жалпыұлттық Мерекелер, спорттық жеңістер мен халықаралық жеңістер сәттерінде, Әнұранымыз шырқалып, көк-көк ту көтерілген кезде әрқайсымыз өз Отанымыз үшін мақтаныш сезімін сезінеміз» - деп атап өтті аудан әкімі өз сөзінде.