«Ішімдіксіз ауыл»

«Ішімдіксіз ауыл»

Қоғамда «Құқықтық тәртіп» идеологиясын насихаттау тұжырымдамасын және «Ішімдіксіз ауыл» ұлттық алдын алу науқанын іске асыру аясында ауданда 15-19 маусым аралығында ақпараттық-түсіндіру науқандары өткізілуде. Бұл науқандар салауатты өмір салтын насихаттауға, қылмыстың алдын алуға және халық арасында алкогольді теріс пайдалануды азайтуға бағытталған.

Науқанның негізгі мақсаты - тұрғындардың назарын денсаулықты сақтау, отбасылық құндылықтарды нығайту, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және мас күйінде жасалған қылмыстардың алдын алу мәселелеріне аудару.

Интернационал ауылдық округінің әкімдігі тұрғындарды қоғамдық тәртіпті нығайтуға, азаматтардың денсаулығын сақтауға және жас ұрпақтың өмірі мен тәрбиесі үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған «Ішімдіксіз ауыл» бастамасын қолдауға шақырады. Салауатты ауыл - қауіпсіз ауыл! Салауатты өмір салты - әрбір отбасының және тұтастай алғанда қоғамның әл-ауқатының кілті.