«Ұстазға алғыс!» апталығы тұжырымдамасы аясында Ақсуат ауылдық округі әкімінің аппаратына Ақсуат орта мектебінің ұстаздары шақырылды.
Ауылдық округ әкімі А.Қ. Сыздықова ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен білім берудегі еңбектерін атап өтті. Сондай-ақ, ол ұстаздарға мамандыққа адалдығы мен жоғары кәсібилігі үшін алғысын білдіріп, Алғыс хат табыстады.
Салтанатты іс шара жылы әрі құрметке толы жағдайда өтті.