Бүгін аудан әкімі Б. Әлжанов Ясная Поляна ауылының тұрғындарымен кездесті. Ауданның 2024 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы айтып, алдағы кезеңге арналған жоспарларымен бөлісті. Кездесу қорытындысы бойынша аудан әкімі келіп түскен барлық сұрақтарға жауап беріп, одан әрі орындау үшін тиісті құрылымдардың басшыларына тапсырмалар берді.