Аудан әкiмдiгiнiң отырысы

Аудан әкiмдiгiнiң отырысы

Ағымдағы жылдың 29 сәуірінде Тайынша ауданының әкімі  Б.А. Әлжанов аудан әкімдігінің отырысын өткізді, онда 2025 жылдың 1 тоқсанындағы бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерінің атқарылуы мен әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы және ауданда жазғы спорт түрлерін дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы мәселелері қаралды.

Жоғарыда аталған күн тәртібіндегі мәселелер бойынша балалар, жасөспірімдер және ересектер арасында спорт түрлері бойынша жазғы спорттық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын жасау, мектептер мен БЖСМ жанындағы жазғы спорттық лагерьлерді ұйымдастыруды және т. б. қамтамасыз ету тапсырмалары берілді.