Тайынша ауданы әкімі қызметінің нәтижелері туралы қорытынды баяндама

Тайынша ауданы әкімі қызметінің нәтижелері туралы қорытынды баяндама

Тайынша ауданы әкімі қызметінің нәтижелері туралы қорытынды баяндама

 

Тайынша ауданының жергілікті атқарушы органдарының жұмысы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын, мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды іске асыруға, ауыл шаруашылығын, өнеркәсіпті және әлеуметтік саланы дамытуға бағытталған.

«Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, 2023 жылы халықпен нәтижелі қарым-қатынас жасау үшін, барлық деңгейдегі әкімдердің                    400 кездесуі өткізіліп, онда 642 ескертулер мен сұрақтар келіп түсті,                            69 мәселе бақылауға алынып, 60 мәселе орындалды. Қалғандары орындалуда, яғни олар қосымша қаржыландыруды талап етеді, олар бойынша жұмысты 2024 жыл ішінде аяқтау жоспарлануда. Анықтама: кездесулерде қойылған сұрақтар бойынша іс-қимыл жоспарлары және олардың орындалуы бойынша ақпарат тоқсан сайын Тайынша ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында «Тұрақты кездесуле» бөлімінде орналастырылады.

Халықпен кездесулерде қойылған сұрақтарды талдай отырып, аудан тұрғындарын электрлендіру, ауыз су мәселелері, елді мекендерді абаттандыру, жолдарды жөндеу және салу мәселелері қызықтырады деген қорытынды жасауға болады.

         Есепті кезеңнің әлеуметтік-экономикалық қорытындыларын шығара отырып, осы есепте ауданның қазіргі кезеңдегі дамуының тапсырмалары мен мәселелерінің ауқымы баяндалды.

2023 жылға арналған аудан бюджеті  8,9 млрд. теңгені құрады. Аудан бюджетінің кіріс бөлігі 114,3 пайызға (2,7 млрд. теңге) орындалды. Облыстық бюджет бойынша орындалу 168,6%  пайызды (2,6 млрд. теңге) құрады.

Агроөнеркәсіптік кешен – азық-түлік пен экономикалық қауіпсіздікті құрайтын өңір экономикасының маңызды салаларының бірі. Біздің ауданның АӨК   даму келешегі  жақсы, бұдан әріде  болашағы зор.

2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 108 млрд теңгені құрады.

 

2023 жылы ауыл шаруашылығы құрылымдары 462,1 мың гектар алқапқа дәнді дақылдар, 139,1 мың гектарға майлы дақылдар егілді.

Дәнді дақылдардың жалпы өнімі 377,1 мың тоннаны, өнімділігі 8,2 ц/га, майлы дақылдар – 63,5 мың тонна, өнімділігі 4,8 ц/га  құрады.

Егіске 68,8 мың тонна тұқым жұмсалды. Тұқым сұрыпын ауыстыру үшін 6088,4 тонна жоғары репродукциядағы ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымы жеткізілді. Сұрыптың жаңаруы 9,7 пайызды құрады.

       2023 жылы 400,0 мың га. алқапқа 28,9 мың тонна минералды тыңайтқыш енгізіліп, бұл «Мастер Агро» ЖШС, «АСАР» ЖШС сияқты жеке ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 20 ц/га-дан жоғары тұрақты жоғары өнім алуға мүмкіндік берді.

Ауданымызда  картоп және көкөніс өсіру саласы белсенді дамып келеді. 2023 жылы біздің шаруашылықтар картоптың жалпы өнімін 74,9 мың тоннаға жеткізе алды. Бұл ретте өнімділік көрсеткіші 177,9 ц/га. құрады. Жиналған картоптар пен көкөністер біздің аудан мен облыс тұрғындарын ғана емес, көршілес Ақмола облысының тұрғындарын балғын өніммен қамтамасыз етуге септігін тигізді.

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың               2021 - 2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын жүзеге асыру аясында, субсидиялау түрінде мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылған.                   2023 жылы  өсімдік шаруашылығына  тұқымдарды, гербицидтерді және минералды тыңайтқыштарды сатып алу құнын төмендетуге 5,6 млрд теңгеге қолдау көрсетілді.

Ауданда машина-трактор паркі белсенді түрде жаңартылуда. Жыл басынан бері 12,7 млрд теңгеге 290 бірлік техника, оның ішінде 17 трактор, 10 комбайн, 5 ДК, 258 басқа да техника сатып алынды.

2023 жылы 24,9 мың тонна тірі салмақтағы мал мен құс союға жұмсалды,  бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңінен 1,7 пайызға артық, сүт  79,7 мың тонна  өндіріліп, 136,9 миллион дана жұмыртқа өндірілді.

        Ауданда ұсақ малдың екі асыл тұқымды репродукторы жұмыс істейді («Қаратомар» ЖШС, «Шұғыла LTD» ЖШС).

         Ағымдағы жылы «Аманат» ШҚ қой шаруашылығы бойынша - 5 мың бас еділбай тұқымды қой сатып алу бойынша инвестициялық жоба іске асырылуда.

            Сондай-ақ  56 мың бас шошқа, оның ішінде өсіру және жемдеу фермасында 42 мың бас, репродукторда 14 мың бас шошқаны біржолғы күтіп-баптаумен «EMC Аgro» ЖШС шошқа фермасы жұмыс істейді.

        2023 жылы 150 мың басқа арналған «ЕМС Agro» ЖШС шошқа кешенінің жаңа корпустарын салу жобасының 3 кезеңі аяқталды. 4 корпус салынып, оның ішінде 1 өсіру корпусы, 2 санитариялық корпус, жас малды жөндеу, қопсыту, ұрықтандыру, күту корпустары салынды. 4-ші лагуналар мен инженерлік желілер бойынша жұмыстар аяқталды. ҚР-да 2835 бас және Даниядан 160 асыл тұқымды бас сатып алынды.

         Ет өндірісі  2023 жылы 12 899,3 тонна.

         Ағымдағы жылы 200 мың басқа арналған қосымша корпустар (өсіру корпусы және 3 жемдеу корпусы) салу жұмыстары жалғастырылатын болады. Бұл жобаны іске асыру 80 жаңа жұмыс орнын құруды,                 жылына 20 мың тоннаға дейін ет және шұжық өнімдерін өндіруді 7 мың тоннаға  дейін ұлғайтуды көздейді.

        2017 жылдан бастап «ПТФ Есильская» ЖШС құс фабрикасы жұмыс істейді,  құстардың саны 590,7 мың басты құрайды.

         2023  жылы 400 басқа арналған МТФ «Астык STEM» ЖШС-нің жобасы жүзеге асырылып, Дания мен Эстониядан 414 бас Голштейн-фриз тұқымдары жеткізілді.

 «Асар» ЖШС МТФ құрылысы бойынша жұмыстар жалғасуда, бүгінгі таңда сиыр сауу залы бар қора салынып, бұзау ұстау орынының құрылысы жүргізілуде. Елочка 2*8 сиыр сауу жабдығын орнату, Германиядан симментальды тұқымды жас малдарды сатып алу жоспарлануда.

 «МТФ Ясная Поляна» ЖШС. Даниядан 495 бас  бұзауламаған голштейн-фриз сиыр тұқымдары жеткізілді. Қазір кезде сүт өндіру құрал- жабдықтарын сатып алу мәселесі қарастырылуда.

Ағымдағы жылдың мамыр айында «Зеленые луга» ЖШС Германиядан 200 бас голштинофриз тұқымын сатып алуды жоспарлап отыр.

          

Жер ресурстары – біздің басты табиғи байлығымыз, экономика мен халықтың әл-ауқатының негізі. Бұл байлықты қызметте қатаң ғылыми тәсілді қолдана отырып, мұқият басқару қажет. Біздің ауылшаруашылық тауар өндірушілеріміз жермен жұмыс істеудің озық технологияларын белсенді қолданады.

         Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша жұмыс жалғасуда. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде екі жыл ішінде ауданның босалқы жерлеріне 10,5 мың гектар жер аударылды.

         Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы 20 мың га жерді мемлекеттік меншікке қайтару жоспарлануда. Бүгінгі таңда қордағы жерлерге 200 га жайылымдық жерлер есептелген.

Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю және ауыл тұрғындарының шөп шабу қажеттіліктері үшін, 2023 жылы жалпы ауданы 13100 га жер учаскелері, елді - мекен шекарасына қосылмайтын жерлерге тұрақты  жер пайдалану құқығы, оның ішінде 12942 га жайылымдық жерлерге  берілді

Ауыл тұрғындарының ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға арналған жайылымдық жерлердің тапшылығын азайту мақсатында,              2024 жылы жер учаскелерінің бір бөлігін елді -  мекеннің шекарасына қосу, жерді орналастыру жүйесінің бес жобасын ЖШЖ  (жердің шаруашылық жүйесі)дайындау арқылы жоспарлануда, бұл шамамен 1000 га. жайылымдық жерді құрайды.

2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында ауданымызда  өнеркәсіп өнімінің көлемі 65,1 млрд теңгені, ИФК 108,8 пайызды құрап, 2022 жылдың қаңтар-желтоқсанына  қарағанда 13,2 млрд теңгеге өсті.

Экономикалық дамуға елеулі үлес қосатын өнеркәсіптік өндіріс ауданда тау - кен өнеркәсібі, өңдеу өнеркәсібі - ет, сүт өңдеу, ұн мен крахмал, нан-тоқаш өнімдерін өндіру болып табылады.

Негізгі қала құраушы кәсіпорын ауданның 600-ден астам тұрғынын жұмыс орындарымен қамтамасыз ететін «BioOperations» ЖШС болып табылады. Қызметтің негізгі түрі - крахмал және құрамында крахмал бар өнімдер өндірісі, шығарылатын өнімдер - ұн, крахмал, клейковина, жемдік барда, биоэтанол, глютен, көмірқышқыл газы.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде «Намыс» ЖШС, «СК-Грант» ЖШС, «АльфаЛогистикГрупп» ЖШС, «Тайынша қиыршық тас» ЖШС кәсіпорындары жұмыс істейді (8321,6 млн.теңгеге өнім шығарылды).

Өңдеу өнеркәсібінде негізгі кәсіпорындар 55,0 млрд. теңгеге өнім шығарды:

ет және ет өнімдерін өндіру –  «EMC Аgro» ЖШС;

күнбағыс майын өндіру – «Тайынша Май» ЖШС;

сүт өнімдері – «Лера Норд» ЖШС, «Петровское KZ» ЖШС, «ТайыншаМайы» ЖШС;

ұндар мен крахмалдар - «BioOperations» ЖШС, «Шахирис» ЖШС,  «Беркат» ЖШС;

нан-тоқаш өнімдері –  «Краевский» ЖК, «Сельмурзаев» ЖК, «Ерметова» ЖК, «Жаслан» ЖК, «Пак» ЖК;

ауыл шаруашылығы жануарларына арналған дайын жемшөп - «Элеватор Тайынша» ЖШС;

         Инвестициялар

Аудан экономикасында инвестициялар маңызды рөл атқарады. Олар тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму үшін объективті түрде қажет. Белсенді инвестициялық процесс тұтастай алғанда экономикалық әлеуетті анықтайды, халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға ықпал етеді.

2023 жылғы қаңтар-желтоқсанда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 40,4 млрд.теңгені, ИФК 123,9 құрады. Облыс бойынша инвестицияның жалпы көлеміндегі үлесі 9,1 пайызды құрайды. Ол ауданның АШТӨ құрал-жабдықтары мен техникаларын жаңарту есебінен қалыптасып, оның жеке қаражат есебінен – 37,3 млрд.теңге, ал бюджет қаражаты есебінен  – 3085,8 млн.теңгені құрады.

2023 жылдың желтоқсан айында аудан экономикасына 5164,4 млн. теңге инвестиция салынды.

 

 

Сауда-саттық

СҚО бойынша статистика департаментінің деректері бойынша                     2023 жылғы қаңтар – желтоқсанда бөлшек сауда көлемі 18965,0 млн. теңгені,  НКИ 106,1 % құрады.

Көтерме сауда көлемі 2023 жылғы қаңтар-желтоқсанда 18026,9 млн. теңгені, НКИ 143,5 % құрады.

Шағын және орта бизнес.

Ауданның шағын және орта бизнес саласында 2024 жылғы 1 қаңтарға 1976 ШОБ субъектісі тіркелді, жұмыс істеп тұрғандар саны 1860 бірлікті құрады, оның ішінде 1040 жеке кәсіпкерлер, 535 шаруа және фермер қожалықтары және 285 заңды тұлғалар.

  Демек, ауданда кәсіпкерлікке жасалып жатқан қолдаудың маңызы зор. Біз қаражатты тек кәсіпорындардың өзін ғана   дамытуына  салмай, ,ресурстарды  елді- мекендердің дамуына да салғымыз келеді, оның ішінде  ресурстарды адам,  ауданның дамуына және тұрғындардың өмірін жақсартуға бағыттау керек.

         Құрылыс қарқынды дамып келеді: 2023 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі шамамен 15,2 млрд. теңгеге орындалды.жұмыстарының көлемі аяқталып, 12 500 ш.м. тұрғын үй  пайдалануға берілді.

Пилоттық жоба бойынша 600 орындық Тайынша қ. №1 ОМ,                       120 орындық Вишневка ОМ, Тайынша қ. жабық мұз корты пайдалануға берілді. Тайынша қаласында 50 пәтерлі тұрғын үйдің, Келлеровка ауылында ангар үлгісіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде. Апатты жағдайдайдағы Драгомировка ОМ ғимаратының орнына жаңа ғимарат орнату құрылысы жоспарлануда.

Жолдар

Тайынша ауданының жолдар желісінің ұзындығы-985 км, оның ішінде республикалық маңызы-144 км, облыстық маңызы -190 км, аудандық маңызы-641 км.

2023 жылы аудандық маңызы бар 110,7 шақырым жол жөндеу жұмыстарымен қамтылып, осы мақсаттарға 2,9 млрд.теңге бөлінді.

Аудандық маңызы бар жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді:

1) КТТА-317 «Ясная Поляна – Тихоокеан - Шұңқыркөл-Көкшетау - Омбы»;

2) КТТА-97 «Краснокиевка - Октябрьск»;

3) КТТА-70 «Виноградовка - Ясная Поляна - Киров»;

4) КТТА-70 «Виноградовка-Ясная Поляна-Киров».

Сондай-ақ ұзындығы 26,6 км Тайынша қ. мен 6 елді мекенде ауыліші жолдарға орташа және ағымдағы жөндеу жүргізілді.

2024 жылға арналған жаңа жобалар:

Ұзындығы 150 км аудандық маңызы бар жолдарға ағымдағы жөндеу жүргізуге шарттар жасалды:

  1. КТТА-301 «Макашевка – Октябрьск – Димитровка»;
  2. КТТА-317 «Ясная Поляна – Тихоокеан – Шұңқыркөл – а/ж» Көкшетау – Омбы»;
  3. КТТА-316 «Тайынша – Кантемир – Котовск» 46,6 км;
  4. КТТА-282 «Краснокаменка ауылының кіреберіс жолы»;
  5. КТТА-98 «Вишневка – Подольское – Новодворовка –Новогречановка – Зеленый Гай».

         Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету маңызды аспект болып табылады. Аудан халқының сумен қамтамасыз етілуі 49% құрайды.

         Аудан тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында,                 2023 жылы 6329 адамнан тұратын 7 елді мекен сумен жабдықтау желілерін салу және реконструкциялаумен қамтылды. Барлық қаржыландыру көздерінен 1,1 млрд. теңге бағытталды. 1277 тұрғыны бар 3 ауылда құрылыс аяқталды (Киров а., Ильичевка а., Ильич а.). 5 ауылда жұмыстар ағымдағы жылы жалғасады және аяқталады (Краснокаменка а., Горький а., Мироновка а., Чкалов а., Петровка а.). Амандық а. сумен жабдықтаудың таратушы желілерінің құрылысын бастау жоспарлануда. Халық саны-443 адам.

         Ағымдағы жылы 11 ауылдық елді мекен үшін Булаев топтық су құбырынан сумен жабдықтау жүйелерін жобалауға облыстық бюджеттен                 116 млн.теңге сомасында қаражат бөлінді. Сонымен қатар, конкурстардан үнемдеу есебінен Горький а. және Келлеровка а. тарату желілері бар ЖСҚ әзірлеуге екі конкурс жарияланды. Ильич а. тарату желілеріне конкурс жариялау жоспарлануда. 2023 жылы Талап а., Мәдениет а. (235 тұрғын) орнату үшін 2 КБМ (кешенді блок-модульдері) сатып алынды

         Ағымдағы жылы Тайынша ауданының 21 АЕМ-ге кешенді блок-модульдерді сатып алу үшін 184,8 млн теңге бөлінді.  2024 жылы 21 АЕМ-де КБМ орнатуға конкурс жарияланды. Осылайша, жобаларды іске асыруды ескере отырып, тұрғындардың қамтамасыз етілуі  75%  құрайды.

         Мемлекеттік әлеуметтік қолдау шынымен мұқтаж адамдарға бағытталуы керек. Әлеуметтік саясаттың басты мақсаты тек жәрдемақы төлеу емес, проблеманың алдын алу болуы керек. Бұған «жалпыға бірдей жұмыспен қамту» қағидатын қамтамасыз ететін жаңа жұмыс орындарын құру арқылы қол жеткізуге болады.

Аудан халқының жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар 2023 жылы 2 222 адамды жұмысқа орналастыруға мүмкіндік берді, оның ішінде жаңа құрылған тұрақты жұмыс орындарына 1050 адам жұмысқа орналастырылып, бұрын құрылған тұрақты жұмыс орындарына 762 адам жұмысқа орналастырылды.

Аз қамтылған және жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту мәселелерін жедел шешу мақсатында, уақытша жұмыс орындарына 410 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде: қоғамдық жұмыстарға – 180 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына-19 адам, маусымдық жұмыстарға-124 адам, күміс жасына-19 адам, бірінші жұмыс орнына - 17 адам,жастар тәжірибесіне -50 адам,  ұрпақ келісімшарт бағдарламасы бойынша 1 адам.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек жәрдемақы түрінде 60 отбасына (286 адам) 25173,2 мың теңге сомасында төленді.

Үйде оқитын 24 мүмкіндігі шектеулі, мүгедек балаға 2280,9 мың теңгеге сомасында әлеуметтік көмек көрсетілді.

Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық төлемдерді төлеу үшін, 8 аз қамтылған отбасына 326,0 мың теңге сомасында тұрғын үй көмегі тағайындалып төленді.

Ауданда  үйде әлеуметтік көмек көрсету 4 бөлімшесі жұмыс істейді, олар 343 қызмет алушыға қызмет көрсетеді, оның ішінде 297 жалғыз басты қарттарға және 7 мүгедекке, 16 жасқа дейінгі 18 мүгедек балаға және психоневрологиялық аурулармен.ауыратын 18 жастан асқан 21 мүгедекке қызмет көрсетіліп отыр.

2023 жылы қиын өмірлік жағдай туындаған кезде және мереке күндері, мұқтаж азаматтардың 2356 жекелеген санаттарына 92761,1 мың теңге сомасында әлеуметтік көмек көрсетілді.

Есту қабілеті шектеулі 10 адамға ымдау-ишарат тілі маманының қызметі көрсетіледі. 809 мүгедек оңалту құралдарымен қамтамасыз етілді, оның ішінде  28 адам санаторий-курорттық емделумен қамтылды, протездік-ортопедиялық бұйымдармен 143 адам, кресло - арбамен 29 адам, есту аппаратымен 18 мүгедек, көру қабілеттері төмендерге арналған техникалық құралдармен 37 адам қамтамасыз етілді және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілген – 554 адам бар. Тірек-қимыл аппараты бұзылған 16 азамат Бескөл к. оңалту орталығында профилактикалық ем қабылдады. Жалпы медициналық-әлеуметтік жалпы типтегі мекемелерге, жергілікті өзін-өзі басқару мекемелеріне психикалық аурумен 5 адам жіберілді.

Ауданымызда  жас мамандарға қолдау көрсетілуде. «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша 2023 жылы тұрғын үй сатып алуға 65,5 млн.теңгеге13 бюджеттік несие берілді, оның ішінде  12 білім беру маманына сомасы 60,4 млн.теңгеге несие, 1 агро-өндірістік кешені (агроном) маманына  5 ,0 млн.теңге сомасында несие берілді.

19665,0 мың теңгеге 57 көтерме жәрдемақы берілді, оның ішінде: 48 білім беру маманына сомасы 16560,0 мың теңге, 5 денсаулық сақтау маманына 1725,0 мың теңге, 2 АӨК маманына (агроном, мал дәрігері)  690, 0 мың теңге сомасында, 2 мемлекеттік қызметкерге  690,0 мың теңге сомасында  берілді.

Ағымдағы жылы ауылдық жерге жұмысқа келетін мамандарға тұрғын үй сатып алуға және үй салуға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету жоспары,               7 маманға 51,7 млн. теңгені (әрқайсысы 2000 АЕК-ке дейін), көтерме жәрдемақы 50 маманға 18,5 млн.теңгені (әрқайсысы 100 АЕК мөлшерінде) құрайды.

Білім беру

Біздің ең негізгі ресурсымыз, болашағымыз – балалар. Ауданда 48 жалпы білім беретін мектеп бар: 26 орта, 15 негізгі және 7 бастауыш мектеп 5723 оқушы қамтылған.

Өткен жылы 242 түлектің 173-і ҰБТ тапсырып, қамту 64,3% (2021 жылы – 55,7%) құрады.

ҰБТ қорытындысы бойынша аудан бойынша орташа балл 75,7 балл, облыстық көрсеткіш 78,2 болды. Аудандық ҰБТ көрсеткіші 2022 жылмен салыстырғанда 8 баллға өсті (2022 ж. – 67,82 балл).

  15 түлек «Алтын белгі» белгісінің иегері атанды (2022 жылы - 9 түлек) және 18 түлек үздік аттестат алды (2021 жылы - 23 үздік аттестат).       

3 қосымша білім беру ұйымы жұмыс істейді, оларда 1275 оқушы  бос уақыттарын өздеріне ұнайтын пайдалы жұмыстармен  айналысуға жұмсайды (балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, балалар өнер мектебі, қосымша білім беру орталығы). Мәдениет үйлері мен кітапханаларда жұмыс істейтін үйірмелер мен спорт секцияларына  2730 оқушы тартылған.

Қосымша білім берумен қамту 82,6 пайызды құрайды.

Инклюзивті білім беруді дамыту үшін ауданымызда психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті мен алты логопедтік орталық жұмыс істейді. Тайынша қ. No 4 ОМ пен Келлер ОМ инклюзивті қолдау сыныптары ашылды. Балаларды инклюзивті білім берумен қамту жалпы санынан (интеграцияланған) ерекше білім беру қажеттілігі бар 376 бала, бұл 261 немесе 69,4пайызын құрайды.

Ауданда 130 студент қамтылған Агробизнес колледжі бар. Оқыту мемлекеттік тапсырыстар бойынша 3 жұмысшы мамандығымен және 6 біліктілік бойынша жүзеге асырылады.

Аудан мектептерінде 3266 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.

2 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың  мектепке дейінгі тәрбиемен және біліммен қамтылғаны  88,8%, 3 пен 6 жас аралығындағы балалар 100 пайызы  қамтылған. 2- 3 айлық балаларға арналған 285 орындық  үш балабақша, 140 орындық екі балабақша, 579 орындық 44 шағын орталық бар.

Білім алу жағдайларын жақсарту мақсатында, 2023 жылы жалпы сомасы 472 млн 577 мың теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді: Киров ОМ 176 млн 090 мың теңгеге, Теңдік ОМ 105 млн 562 мың теңгеге, Донецк ОМ 190 млн 925 мың теңгеге жүргізілді.

Оқушыларды оқу орындарына жеткізуді қамтамасыз ету үшін 4 автобус сатып алынды. 2024 жылы Ильичев, Краснополян және Петровка орта мектептеріне күрделі жөндеу жұмыстары жоспарлануда.

Ауданда 70 мәдениет нысаны бар, оның ішінде 31 ауылдық клуб пен аудандық мәдениет үйі, оның 16-сы мемлекеттік желіде орналасқан. Орталықтандырылған кітапхана жүйесіне 39 мемлекеттік кітапхана енеді: оның 1-і Орталық аудандық кітапхана, 38-і ауылдық кітапхана.

Олардың материалдық-техникалық базасы жыл сайын жақсарып келеді. Екі жылдың ішінде Аудандық мәдениет үйінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа автобус алынып, люстралар, орындықтар, тюльдер жаңартылды.

Ауданда 189 спорт нысаны, оның ішінде 1 денешықтыру- сауықтыру  кешені, Тайынша  қ. 1 стадионы, 1  атқыштар тирі, 26 хоккей корты (оның ішінде Тайынша қ. бір жабық), 51 спорт залдары, 7 кіріктірілген спорт залдары, 103 жазықтық құрылыстар бар.

Дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде 15973 адам (39,6%) ,оның 9676-сы ауылдық жерде, 6297-сі Тайынша қ. айналысады.

2023 жылдың желтоқсан айынан бастап Тайынша қ. жабық хоккей корты жұмыс істейді. Қысқы спорт түрлері бойынша БЖСМ жанынан қосымша топтар, атап айтқанда шайбалы хоккей, конькимен жүгіру спорты, шорт-трек бойынша топтар ашылады. 2023 жылы материалдық-техникалық жарақтандыруға 2,6 млн. теңге бөлініп, оған волейбол формасы, баскетбол формасы, доптар, ринг-бендиге арналған коньки, доппен хоккейге және шайбалы хоккейге арналған таяқшалары сатып алынды.

Аудан аумағында қысқы кезеңде ауылдық округтер мен қала мектептерінің аумағында салынған шаңғыға арналған жолдар жұмыс істейді. 1 шаңғы базасы бар (Тайынша қ. БЖСМ).

Келлеровка а. ангар үлгісіндегі ДСК құрылысы жүргізілуде, қаржыландыру бөлінді, ағымдағы жылы нысан пайдалануға беріледі. Тайынша қ. стадионға күрделі жөндеу жоспарлануда.

Денсаулық сақтау саласына қатысты. Бүгінгі таңда аудандағы медициналық ұйымдар желісі 64 бірлікті құрайды: Тайынша көпсалалы ауданаралық ауруханасы – 1, 5 дәрігерлік амбулатория, 4 фельдшерлік-акушерлік пункт және 54 фельдшерлік пункт.

Ауданда 62 дәрігер және 283 орта медицина қызметкері жұмыс істейді. Барлық 5 дәрігерлік амбулатория дәрігерлермен қамтамасыз етілген. 2023 жылы 9 дәрігер келді, ЖТД – 2,дәрігер терапевт – 1,  дәрігер хирург – 4,дәрігер анестезиолог-реаниматолог – 1 және  дәрігер дерматовенеролог – 1, «Астана медицина университеті» МЕАҚ  резидентурасын  аяқтаған.

Мұнда гемодиализ кабинеті, неврологиялық және жарақаттанған науқастарға арналған реабилитациялық емдеу және медициналық оңалту бөлімі, балаларды оңалту, паллиативтік көмек бөлімі жұмыс істейді. Емханада онкологиялық науқастарға арналған жылжымалы паллиативтік көмек тобы жұмыс істейді.

Тайынша ММБ «Hangwei Medical Systems China» Қытай компаниясы шығарған құны 265 миллион теңгені құрайтын жаңа КТ аппараты жаңа аппарат жұмыс істейді, ол қатерлі ісік, туберкулез, сүйек тінінің зақымдануы, қан айналымы жүйесі ауруларын, оның ішінде  мидағы қан айналымының жедел түрде бұзылуын  ерте диагностикалауға және одан әрі тексеруге мүмкіндік береді. Құрылғының қуаты тәулігіне 20 адамға дейін, жылына 5000-нан астам адамды  тексереді.

2023 жылы стационар жанындағы перзентхана, терапевтік, балалар және гинекологиялық бөлімшелер мен лифтке күрделі жөндеу жүргізілді. 2024 жылы Триаж жүйесі бар бірінші қабат пен қабылдау бөлмесін күрделі жөндеу жоспарлануда.

Сатып алынған жабдық: бейнегастроскоп,фиброгастроскоп, фибробронхоскоп,  неонатальды  жабдығы,эхоэнцефалограф, брахицефальды тамырлар мен транскраниальды доплерографияға арналған датчиктер жинағы бар жедел классты ультрадыбыстық зерттеуаппараттары,стоматологиялық қондырғы(2),сандық жылжымалы рентген-флюорографиялық кешені алынды.

2024 жылы «Ауыл-ЕЛ бесігі» бағдарламасына енген Қарағаш а.  фельдшерлік пункт салу жоспарлануда.

Ауданмызда ұлтаралық және конфессияаралық толеранттылық мәселелерге ерекше көңіл бөлінеді.

Барлық ұлттардың бірлігі мен достығын нығайту, халықтың патриотизмін тәрбиелеу бойынша үлкен жұмыс атқаратын 6 этномәдени орталық жұмыс істейді. Бір-бірімен бейбіт қатар өмір сүретін төрт конфессияның 19 діни бірлестігі жұмыс істейді. Жалпы, қоғамдық-саяси жағдай тұрақты.

Жастар ресурстық орталығы белсенді жұмыс істеп, барлық облыстық және аудандық іс-шараларға қатысып, жаңа акциялар мен байқауларға бастама болып отыр.

Өткен жылдың қорытындысына келсек, біздің аудан көрсеткіштері бойынша  жетекші аудандар қатарында тұрғанын көрсетеді. Біз әлеуметтік-экономикалық дамумен қатар қаржылық тұрақтылыққа қол жеткіземіз.

Алдағы жылдарға жоспарланған жоспар көп. Тайынша ауданының әрбір тұрғынының қажырлы еңбегінсіз, жауапкершілігі мен Отанға деген сүйіспеншілігінсіз  жетістіктергеқол жеткізумүмкін болмас еді. Тайынша елі қашанда өзінің барлық жақсы қасиеттерін танытып, шағын отанының игілігі үшін еңбек етіп келе жатқан, тату, ынтымағы жарасқан азаматтарымен әйгілі.