Бүгін Тайынша ауданының әкімі Тайынша қаласының тұрғындарымен кездесті. Аудан әкімі ағымдағы жылдың өткен кезеңінде ауданда атқарылған жұмыстар туралы әңгімелерімен бөлісті. Қала тұрғындары көше жарығын жөндеу, көшелерді асфальттау және қаланы абаттандыру туралы сұрақтарды көтерді. Барлық сұрақтарға түсініктемелер берілді. Аудан әкімі қала тұрғындарымен кездесуден кейін азаматтарды жеке қабылдады.