💧 Су – тіршілік көзі

💧 Су – тіршілік көзі

💧 Су – тіршілік көзі

Адамзат та, табиғат та сусыз өмір сүре алмайтындығы ақиқат, шындық. Адамның денсаулығы, қоршаған ортаның берекесі тікелей таза суға байланысты екендігі тағы бар. Осы ретте ауыз суды үнемді пайдалану – бұл бүкіл әлемге ортақ мәселе екенін айта кеткенді жөн көріп отырмыз.
📣 Құрметті Тайынша қаласының тұрғындары!
Халықтың ауыз суға деген сұранысы ұлғайған сайын барша адамды сумен қамту жұмысы күрделене түсуде. Оған қоса жаз мезгіліне байланысты аудан тұрғындарының ауыз суға деген қажеттілігі өсіп келеді. Мәселен, судың көп бөлігі бау-бақшаны, ағаштарды суару үшін жұмсалып отыр. Осы ретте тұрғындарға айтарымыз, «су қолжетімді» деп тіршілік көзін қалай болса солай пайдалануға болмайды. Жазғы 2-3 ай уақыт ішінде ауыз суды барынша үнемдеп, түсіністікпен қарайық!
⛔️Ысырапшылдыққа жол бермейік, құрметті қала тұрғындары!
Су бүгінгі таңда ешнәрсемен алмас­ты­рыл­майтын жалғыз табиғи ресурс екенін есте ұстайық, достар!

✍🏻 Гүл ЖАМАШҚЫЗЫ, “Тайынша таңы” газетінің бас редакторы