2023 жылғы 11 мамырда Тайынша ауданына Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі Жанат Жеңісұлы Жұмабаев сапармен келді

2023 жылғы 11 мамырда Тайынша ауданына Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі Жанат Жеңісұлы Жұмабаев сапармен келді

2023 жылғы 11 мамырда Тайынша ауданына сапармен Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі Жұмабаев Жанат Жеңісұлы келіп, азаматтарды жеке қабылдағаннан кейін жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен кездесу өткізді. Қазақстанның бүкіл аумағында адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттік қорғаудың қосымша кепілдіктерін қамтамасыз ету, сондай-ақ уәкілге жүгінуді, әсіресе ауылдық жерлерде тұратын азаматтар үшін қолжетімді ету мақсатында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өкілдерінің институты құрылды. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілдігі Петропавл қ., Ульянов к-сі, 56 мекен-жайында орналасқан. Байланыс телефоны: 8 (7152) 37-51-56.