2023 жылдың басынан бастап ХҚКО-ларда негізгі құжаттарды алу кезінде мемлекеттік баж өзгерді

2023 жылдың басынан бастап ХҚКО-ларда негізгі құжаттарды алу кезінде мемлекеттік баж өзгерді

2023 жылғы1 қаңтардан бастап1 АЕК -3450 теңгені құрайды, ол мемлекеттік баж мөлшерімен тікелей байланысты.

Осыған байланысты қазіргі  уақытта Салық кодексіне сәйкес жеке басын куәландыратын құжатты бергені үшін мемлекеттік баж мөлшері 0,2 АЕК, яғни 690 теңгені құрайды.

Төл құжат едәуір қымбатқа түседі: 8 АЕК-27 600 теңге.

Төл құжат пен жеке куәлікті беру мерзімі өтініш берілген сәттен бастап 15 жұмыс күнінен аспайды, бірақ процесті ақылы түрде жеделдету мүмкіндігі бар:

Петропавл қаласында жеделдету 3 күн – 4983 теңге, 5 күн-2752 теңге;

Облыс аудандарында 7 күн-1116 теңге.

Жарамдылық мерзімі 10 жылды құрайды, содан кейін ауыстыру қажет.

Жүргізуші куәлігі 1,25 АЕК-4 312 теңге;

Неке туралы куәлік 1 АЕК-3450 теңге. Қайта беру кезінде 0,5 АЕК - 1 725 теңге;

Ажырасуға өтініш берген кезде мемлекеттік баж 2 АЕК - 6 900 теңге.

Туу туралы куәліктегін беріледі. Бірақ актінің жазбасын өзгерту, толықтыру, түзету және қалпына келтіру кезінде 0,5 АЕК - 1 725 теңге енгізу қажет.

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ СҚО бойынша баспасөз қызметі