Тайынша ауданы әкімінің жаңа жылмен құттықтауы

Тайынша ауданы әкімінің жаңа жылмен құттықтауы
Құрметті Тайынша ауданының тұрғындары!
Қымбатты жерлестер!
Баршаңызды Жаңа 2023 жылмен шын жүректен құттықтаймын!
Осы жыл қоғамдық-саяси оқиғаларға толы болды, Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша бүкіл қазақстандық Референдум өтіп, кезектен тыс Президент сайлауын атқардық. Президент бастамасымен өскелең ұрпаққа ерекше назар аударып «Балалар жылы» да өтті.
Әрбір қол жеткізген жетістігіміз – жұмылып істеген зор еңбегіміздің жемісі. 2022 жылды нәтижелі аяқтап, келер жаңа жылда одан да жоғары көрсеткіштерге жете берейік! Ескі жылға өкпеміз болмай, жаңа жылға игілікпен, ізгі үмітпен қадам басайық.
Жаңа 2023 жыл Сіздерге жақсылық, отбастарыңызға амандық, мол ырыс-несібе әкелсін! Еліміз еңселі, халқымыз бейбіт, Тәуелсіздігіміз мәңгілік болғай!
Жаңа жыл құтты болсын!