Амандық ауылдық округінің әкімін сайлау туралы

Амандық ауылдық округінің әкімін сайлау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес, 2022 жылғы 11 қыркүйекте өткен Амандық ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы сайлау комиссиясының хаттамасы, Тайынша ауданы Амандық ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеу туралы Тайынша аудандық сайлау комиссиясының шешімі негізінде Солтүстік Қазақстан облысының 2022 жылғы 14 қыркүйектегі Тайынша ауданы Амандық ауылдық округінің әкімі болып Нариман Қорқытбайұлы Тасымов сайланды.

1981 жылы Көкшетау облысы Чкалов ауданы Октябрь ауылында дүниеге келген.

Тасымов Н.Қ. орта кәсіптік білімі бар, 2003 жылы Көкшетау кәсіптік техникалық лицейін «автокөлік электр жабдықтарын жөндеу шебері» мамандығы бойынша бітірген.

Тайынша ауданы Амандық ауылдық округінің әкімі лауазымына сайланғанға дейін «Қазақстан темір жолы» «ұлттық компаниясы» АҚ жол монтері болып жұмыс істеді.