ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІККЕ ҚҰҚЫҚТАРДЫ
ЖЕДЕЛДЕТІЛГЕН ТІРКЕУ ҚОЛ ЖЕТІМДІЛІГІ
Әкімшілік кедергілерді, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және қызмет алушыларға ыңғайлы болу мақсатында өткен жылдан бастап ҚР-да ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІККЕ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ЖЕДЕЛ ТІРКЕУ ҚЫЗМЕТІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ.
Жедел ресімдеуге мәміле жасалғаннан кейін бірден тапсырыс беруге болады.
БАРЛЫҚ РӘСІМ ТӨЛЕМ ЖАСАЛҒАН СӘТТЕН БАСТАП ЕКІ САҒАТТАН АСПАЙДЫ.
Қызмет құны:
пәтер, тұрғын үй құқығын тіркегені үшін - 3607,63 теңге
көп пәтерлі тұрғын үй үшін-57720,10 теңге
гараж үшін-3607,63 теңге
жер учаскесіне-3607,63 теңге
тұрғын емес объектілер үшін 72149,95 теңгеден 180374,88 теңгеге дейін
жылжымайтын мүлік объектісінің сәйкестендіру сипаттамасының өзгеруін тіркегені үшін -1803,63 теңгені құрайды.
Сіз оны Kaspi.kz және Halyk Homebank қосымшасы арқылы төлей аласыз.
Қызмет келесі қолданыстағы қызметтермен қатар жұмыс істейді:
«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ СҚО
бойынша баспасөз қызметі