Семей полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен адамдарға көрсетілетін қызмет туралы ақпарат

Семей полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен адамдарға көрсетілетін қызмет туралы ақпарат

Қызмет кімге арналған?

Қызмет 1949 жылдан 1965 жылға дейінгі, сондай-ақ 1966 жылдан 1990 жылға дейінгі кезеңде Семей сынақ полигоны аумағында тұрған адамдарға арналған.

Егер мен бұрын төлем алған болсам, тағы төлем ала аламын ба?

Жоқ, төлем бір реттік болып табылады және бұрын алған адамдарға берілмейді.

Қызметті ХҚКО арқылы алуға бола ма?

Иә, бұл қызмет сондай-ақ ХҚКО, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО арқылы көрсетіледі.

* Заңнамаға сәйкес зардап шеккен азаматтарға біржолғы өтемақы 1993 жылдан бастап төлене бастады.