Тайынша ауданы Чкалов ауылдық округінің Чкалов ауылындағы «Ауылдағы ашық әкімдік» фронт-офисінің тұсаукесері

Тайынша ауданы Чкалов ауылдық округінің Чкалов ауылындағы «Ауылдағы ашық әкімдік» фронт-офисінің тұсаукесері

Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру, халыққа мемлекеттік қызметтерді ашық және сапалы көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында2022 жылдың 29 сәуірінде Тайынша ауданы әкімінің орынбасары Е. Қ. Жаровтың, «AMANAT» партиясы Тайынша филиалының атқарушы хатшысы М. Ж. Хамзиннің қатысуымен Тайынша ауданы Чкалов ауылындағы «Ашық әкімдік» фронт-офисінің тұсаукесері өтті.

Әкімдіктердің Open-space форматына көшуі көрсетілетін қызметті алушымен диалог үшін ашық нысан болып табылады, бұл азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.

Сервистік әкімдікте жер қатынастары, салық салу, атаулы әлеуметтік көмек саласында мемлекеттік қызмет көрсететін Чкалов ауылдық округі әкімі аппаратының мамандары орналасқан, өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы бар.

Бұдан былай Чкалов ауылдық округінің тұрғындары мемлекеттік қызметтерді, жұмыспен қамту, әлеуметтік төлемдер және жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша кеңестер ала алады және өзіне-өзі қызмет көрсету секторы арқылы мемлекеттік қызметтерді өз бетінше ала алады.

«Ашық әкімдік» фронт-офисінің ашылуы халықпен өзара іс-қимылдың жаңа, неғұрлым ашық нысаны болып табылады, бұл мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге, мамандардың жұмыс уақытын оңтайландыруға және көрсетілетін қызметті алушылар үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.