Петропавлда кезекші ХҚО жұмысын қайта бастады

Петропавлда кезекші ХҚО жұмысын қайта бастады

Елдегі шектеу шараларының жойылуына және эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы кезекші ХҚО-лардың жұмысын қайта жандандыру туралы шешім қабылдады.

Осылайша, М. Әуезов, көшесі 157 мекенжайы бойынша орналасқан Петропавл қаласының №1 бөлімі сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Басқа бөлімдер жұмысын әдеттегі кесте бойынша дс-жм аралығында 9:00-ден 18: 00-ге дейін жалғастырады.